19 тонна алмұрт фитосанитарлық сертификаттың болмауына байланысты Бельгияға қайта жіберілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Маңғыстау облысының Құрық портында құжатты тексеру барысында өнімнің Қазақстан аумағына мемлекеттік шекарадан өткізу кезінде міндетті болып табылатын фитосанитарлық сертификатсыз әкелінгені анықталды.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты импорттаушыға әкімшілік айыппұл салынып, өнім партиясын экспорттаушы Бельгияға кері қайтару туралы акт рәсімделді.
ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті фитосанитарлық талаптарды сақтау өсімдік шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасындағы міндетті шарт екенін және ел аумағына карантиндік нысандардың енуі мен таралуын болдырмауға бағытталғанын еске салады.