Олар үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде анықталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында талаптарға сәйкес келмейтін өнімдердің жолы кесілді. Негізгі себептер – фитосанитариялық сертификаттардың болмауы, карантиндік объектілердің табылуы және белгіленген нормалардың сақталмауы.
Тексеру қорытындысы бойынша заң бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл жұмыстар елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, карантиндік объектілердің таралуын болдырмауға және ауыл шаруашылығы өндірісін қорғауға бағытталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу