Елімізге келген туристер жарна төлейді

775

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, бюджеттік жүктемені төмендетіп, саланы ілгерілету үшін, өзге ел азаматтарынан бір түнге 2-4 доллар көлемінде ақы алынбақ. 

Елімізге келген туристер жарна төлейді

Елімізде шетелдік туристердің жарна төлеу тәртібі енгізілмек, деп хабарлайды Atameken Business.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, бюджеттік жүктемені төмендетіп, саланы ілгерілету үшін, өзге ел азаматтарынан бір түнге 2-4 доллар көлемінде ақы алынбақ. Қаражат Kazakh Tourism жанынан ашылған бюджеттен тыс шотқа түседі. Мұндай тәжірибе Грузия, Чехия, Біріккен Араб әмірлігі сияқты мемлекеттерде сәтті жүзеге асқан. 

"Шара сондай-ақ, Kazakh Tourism маркетингтік жұмысының тиімділігін ынталандырады. Шетелдік туристер ағынының ұлғаюынан көбірек алымдар алатын болады. Бірінші кезеңдерде шарадан түскен қаржылық түсімдер кейіннен ұлғайып, жылына 1,5 млрд теңгені құрайды", – дейді министр. 

Сондай-ақ, министр елдегі әуежайларға 2022 жылдан бастап Tax Free жүйесі енгізілетінін жеткізді. Осының арқасында көптеген дамыған ел сауда айналымын ғана емес, шопинг-туристердің ағынын да ұлғайтып отыр екен. Шара PremierTaxFree, GlobalBlue, InnovaTaxfree сияқты операторларды тарту арқылы Астана, Алматы, Шымкент сияқты ірі әуежайларда жүзеге асыру көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу