Елімізге ПТР анықтамасыз 357 жолаушы келген

942

Олар коронавирустың бар-жоғына тест тапсырған. 

Елімізге ПТР анықтамасыз 357 жолаушы келген

Қазақстан әуежайларына 357 жолаушы ПТР анықтамасыз келген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 18 наурызында Қазақстанға Германия, Франция, Мальдив Республикасы, Кипр, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі ұшып келген. Онда барлығы 3 771 жолаушы болған.

"ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 414 адам, анықтамасыз 357 жолаушы келді", – деп жазылды хабарламада.

Алматы әуежайына – 19 рейс, 1 932 жолаушы, анықтамамен – 1 803, анықтамасыз – 129; Нұр-Сұлтан әуежайына – 9 рейс, 1 200  жолаушы, анықтамамен – 972, анықтамасыз – 228; Шымкент әуежайына – 5 рейс, барлық 490 жолаушы анықтамамен келген; Ақтау әуежайына – 1 рейс, барлық 149 жолаушы анықтамамен келген.

"Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19 вирусының бар-жоғына тест тапсырды. Бүгінде олар карантин стационарларында өз нәтижесін күтіп жатыр",  деп жазылды хабарламада.

Сондай-ақ 2021 жылдың 17 наурызында шетелден Қазақстанға 387 адам ПТР анықтамасыз келген. Олар да коронавирустың бар-жоғына тест тапсырған.

"4 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың ішінде 3 жолаушы Шарм эль-Шейх – Алматы рейсімен, бір жолаушы Шарм эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген",  деп жазылды хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу