Елімізге сырттан әкелінетін телефондар тексерістен өтеді

149

Енді Қазақстанға алғаш рет әкелінетін барлық мобильді құрылғылар GSMA халықаралық деректер базасында тексеруден міндетті түрде өтуі тиіс.      

Елімізге сырттан әкелінетін телефондар тексерістен өтеді Фото: fergana.agency

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ мемлекеттік салық және кеден жүйелерінің де сүзгісінен өткізіледі. Яғни, телефондарда арнайы сипаттамалар, заңды және ілеспе құжаттарының болуы маңызды. IMEI кодтары да зерттеледі.

Былайша айтқанда, ұрланған, жоғалған немесе бұғатталған гаджет жұмыс істемейді. Тексеру рәсімі импорттаушылар, жеке тұлғалар және уәкілетті сервистік орталықтар үшін міндетті болып табылады.

Ереже 25 наурызда күшіне енді. Бұрын елдің мобильді желілерінде тіркелген барлық телефондар автоматты түрде "ақ тізімге" енгізілді. Енді ол шектеусіз жұмысын жалғастыра береді.

Ал тіркелмеген гаджет иелері 25 мамырға дейін тексеруден өтпесе, бірден бұғатталады.

Бизнеске және азаматтарға 2025 жылғы 25 мамырға дейін барлық құрылғыларды https://kz-imei.kz порталы арқылы заңдастыруға мүмкіндік берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу