Елімізге жыл басынан бері 3 миллион шетелдік турист келген

117

Шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының саны 2,47 млн адамға жетті.  

Елімізге жыл басынан бері 3 миллион шетелдік турист келген Фото: advantour.com

Мұндай ақпаратты Ұлттық статистика бюросы таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға 15,7 млн шетелдік саяхатшы келген, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға көп.

Қазақстанға туристердің көбі Өзбекстаннан келеді. Мәселен, 3 ай ішінде елге 1,1 млн саяхатшы келген. Екінші орынға Қырғыз Республикасы (723,5 мың адам) мен Ресей (564,7 мың адам) жайғасты.

2026 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 4 505 орналастыру орны (қонақ үйлер, отельдер, демалыс базалары және басқа да орналастыру құралдары) жұмыс істейді.

Ең танымал курорттық бағыттардың қатарына Алматы тау кластері (509,3 мың келуші), Шортанды-Бурабай курорттық аймағы (116,7 мың адам), Маңғыстау курорттық аймағы (53,3 мың адам), Түркістан туристік аймағы (39,4 мың адам), Алтай курорттық аймағы (30,3 мың адам) кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу