Элизабет Тұрсынбаева Гран-при додасын Канададан бастайды

574

Элизабет Тұрсынбаева Гран-при додасын Канададан бастайды

Халықаралық конькимен жүгірушілер Одағы 2018/2019 жылғы маусымға арналған Гран-при турнирлерінің кестесі мен қатысушыларын жариялады деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Гран-при додасын Канададан бастайды. Ол 26-28 қазан күндері өтетін Scate Canada турнирінде бақ сынайды. 

Сондай-ақ, Элизабет Ресейде өтетін "Ростелеком" кубогында да жүлдеге таласып көрмекші. 

Келесі маусымда Гран-при турнирі алты мемлекетте өтпекші. Еске сала кетейік, Тұрсынбаева жаңа маусымды жаңа бапкердің қоластында бастайды. Қазақстандық спортшыны канадалық Брайан Орсер жаттықтырып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу