Эльмира Суханбердиева қамауға алынды

1739

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева екі айға қамауға алынды. 

Эльмира Суханбердиева қамауға алынды

"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Эльмира Суханбердиеваны ұстау түрінде қолға алған шарасын биылғы жылдың 2 тамызына дейін, екі айға бекітті", – деп мәлім етті қалалық сот баспасөз қызметі.  

Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы 1971 жылы 26 қазанда Атырау облысында дүниеге келген.  

1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолы:

Шевченко қаласындағы №16 орта мектептің тариф пәні мұғалімі (1989-1989);

Талдықорған облысындағы "Алтынай" балабақшасында тәрбиеші.  

Талдықорған облысындағы № 53 Матай орта мектебінің тариф мұғалімі (1996-1997);

Алматы облысы Энергетика кентіндегі № 38 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі.  (1997-1998);

Алматы облысындағы Энергетика кентіндегі № 38 мектеп-гимназия директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары(1998-2000);

Алматы облысы Іле ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық жұмысы бас маманы (2000-2002);

Алматы қаласындағы жекеменшік "Ай-Нур" лингвистикалық гимназия директорының міндетін атқарушы (2002-2005);

Алматы облысы Іле ауданының №7 орта мектебінің директоры (2005-2007);

Алматы қаласындағы "Қазақстан" АҚ республикалық телерадиокорпорацияның әкімшілік-құқықтық басқарма басшысы (2007-2009);

Алматы қаласындағы "Қазақстан" АҚ республикалық телерадиокорпорациясы аппаратының жетекшісі (2009);

"Arna Media Services" ЖШС бас директорының әкімшілік-құқықтық жұмысжөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы (2009-2009);

Астана қаласындағы № 60 мектеп-лицейдің директоры (10.2009-12.2013);

Астана қаласы білім басқармасы басшысы(2013-04.2016);

Мемлекеттік және халықаралық марапаттаулар: "Ерен еңбегі үшін" (2012), "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медальдары; "Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы құрметті қызметкері" атағы. Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, "Дарын" республикалық ғылыми- тәжірибелік орталығының алғысхаттары, "Ы. Алтынсарина" төс белгісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу