Онда Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Лотерея және ойын бизнесін реттеу комитетінің өкілі Әбдел Балтатегі сөз алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Комитет өкілінің сөзінше, Төлегеноваға қатысты ӘҚБтК-нің 445-1-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізуді тоқтатып, материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына жолдау керек.
"Блогердің әрекеттерінде қылмыстық сипаттағы белгілер бар", – деп қысқа қайырды комитет өкілі Әбдел Балтатегі.
Осылайша, ол Эльмира Төлегенованың әрекеттерінен ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы ("Заңсыз кәсіпкерлік") және 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша құқықбұзушылық белгілері байқалатынын жасырмады.
Іс бойынша нақты шешім кейін шығады.
Айта кетейік, осыған дейін Эльмира Төлегенова мен оның жұбайы блогер Ерболат Жанәбілов "заңсыз лотерея ойынын ұйымдастырды" деген күдікпен әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.
Бұған дейін комитет өкілінің блогерлер Жанәбілов пен келіншегінің ұтыс ойынын "лохотрон" деп атағанын жазған едік.