Елмізде темекінің ең төменгі бағасы 320 теңге болып бекітілді

998

Елмізде темекінің ең төменгі бағасы 320 теңге болып бекітілді

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің кез келген түрінің ең төменгі бағасы 380 теңге болады, деп хабарлайды baribar.kz.

2007 жылдың 4 сәуірінде шыққан "Фильтрлі, фильтрсіз темекілер және папиростардың ең төменгі бөлшек сауда бағаларын бекіту туралы" қаулыға өзгеріс енгізілді.

Енді темекінің 20 түрінің ең төменгі бағасы төмендегіше болады:

- 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін – 320 теңге;
- 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 30 маусымына дейін – 340 теңге;
- 2018 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін – 360 теңге;
- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 380 теңге.

Қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннің ішінде күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу