Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі AMANAT фракциясының жетекшісі болды

897

Бұған дейін ол AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарғаны белгілі.  

Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі AMANAT фракциясының жетекшісі болды Фото: amanatpartiasy.kz

Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі болып Елнұр Бейсенбаев сайланды, деп жазады inbusiness.kz.

Жиын барысында оның кандидатурасын партия төрағасы Ерлан Қошанов ұсынып, депутаттар оны бірауыздан қолдады.

Елнұр Бейсенбаев әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы лауазымдарын атқарды. Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды.

Биыл 4 қаңтардан бастап AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу