banner

Елорада тағы екі жұмыспен қамту мобильді орталығы ашылды

1553

Оның бірі Ш. Уәлиханов көшесі 24 мекенжайы бойынша "Тұлпар" сауда орталығы жанында орналасқан, ал екіншісі – Абылайхан даңғылындағы "Встреча" аялдамасы қасында.

Елорада тағы екі жұмыспен қамту мобильді орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында тағы екі "Атамекен қолдау орталығы" жұмыс істей бастады, деп хабарлайды atameken.kz.

Мобильді орталықтар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс – жексенбі күні.

"Бұл жерде де басқа ашылған төрт "Атамекен қолдау орталығындағыдай" бес адам жұмыс істейді.Кеңес беруші-менеджерлер келушілерге мамандық таңдауға, тиісті білім алуға және келген адамға кәсіби деңгейде жаңа мамандық алуға көмектеседі. Клиенттер қысқамерзімді оқуғаға жазыла алады.  орталықтың кеңесшілері өтінім берушілерге "Жас кәсіпкер" жобасына қатысуға көмектеседі. 18-29 жас аралығында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар кәсіпкерлік негіздері курсына жазыла алады. Оқу ұзақтығы – 1 ай. Жоба қорытындысы бойынша қатысушыларға бизнес-жоспар құруға көмектеседі, жеңілдікпен несие алуға қолдау көрсетіліп, ары қарай бизнес жүргізуге сүйемелдеу қарастырылған. Сондай-ақ, орталық көмегіне жүгінген адамдар "Бастау" жобасына қатыса алады. Жас ерекшеліктеріне қарамастан өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыздар бір айы ішінде бизнес жүргізудің негізгі дағдыларын үйренеді,  кәсіп ашып, немесе қолдағы бизнесті кеңейтуге микронесие алуға мүмкіндік алады", - деді Нұр-Сұлтан қаласындағы Кәсіпкерлер палатасы бөлім басшысы жанар төребекова.

Жаңа "Атамекен қолдау орталығы" ашылуына Нұр-Сұлтан қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі мүшелері қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Кәсіпкерлер палатасы директоры Алмат Жүнісовтың айтуынша, елордада жұмыспен қамту мобильді орталықтары ашылғаннан бері 3000 адамға қызмет көрсетіп үлгерген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу