banner

Елорда әкімдігі халықты сақ болуға шақырды

971

Қалада коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 357 адам бақылауға алынған.  

Елорда әкімдігі халықты сақ болуға шақырды

Елорда әкімдігі тұрғындарды карантин шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Соңғы бір аптаның ішінде Нұр-Сұлтанда коронавирусты жұқтыру көрсеткіші алдыңғы аптадан 76%-ға жоғары.

Қазіргі таңда инфекцияның репродуктивті көрсеткіші яғни, бір адамның вирусты жұқтыру деңгейі 1,506-ке жеткен.

22 наурызда бір тәуліктің ішінде COVID-19 вирусын 203 адам жұқтырған (67- симптомсыз,  136 - симптомы бар науқас).

"Тіркелген 136 симптомдық жағдайдың 39-ы байланыста болған адамдар арасында анықталды. Ал 97 адам өз еркімен коронавирустың бар-жоғына тест тапсырған.

Сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың 39 жағдайы анықталды. Жалпы вирус жұқтырғандармен байланыста болған 357 адам тіркеуге алынды", - деп жазылды хабарламада.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды:

- Маска тағу;

- Адам көп жиналатын орындарға бармау;

- Арақашықты сақтау;

- Қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептикпен зарарсыздандыру;

Айта кетейік, елордада 28 561 мың адам коронавирус жұқтырды, 25 774 дертінен айықты.

Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 235 095-ке жетті, 213 мыңға жуық адам аурудан жазылды.

2 941 адам көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу