Елорда әкімі су қоймасының жұмыс барысын тексерді

1272

Су қоймасынан су алу екі сорғы станциясымен жүзеге асырылады. 

Елорда әкімі су қоймасының жұмыс барысын тексерді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов  су қоймасында болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми  сайты.

Бүгін су қоймасының қоры 272 миллион текше метрді құрайды,қала қажеттілігі үшін жылына 90 миллион текше метр қажет етіледі.  Су қоймасынан су алу екі сорғы станциясымен жүзеге асырылады. Сумен жабдықтауды тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында бірінші сорғы станциясы қайта жаңартылуда: тозған технологиялық жабдықты қазіргі заманғы және энергия тиімді жабдықтарға ауыстыру жүргізілуде. 2017 жылы НФС алаңынан Мұстафин көшесіне дейін 2,5 км, 2018 жылы Железнодорожный елді-мекенінен Мұстафин көшесіне дейін 4,6 км қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Биылғы жылы 1 көтермелі сорғы станциясынан Железнодорожный елдімекенінен дейінгі ұзындығы 43,9 км учаскедегі суағардың тармағын қайта құру басталады.

Сорғы-сүзу станциясына келіп түскен табиғи су дезинфекциялаудан және зарарсыздандырудан өтеді. Тұтынушыларға ауыз су беру алдында су сынамасы алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу