Елорда әуежайы жүк ағынын арттырмақ

692

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2035 жылға дейінгі жаңа даму стратегиясын іске асыруға кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Елорда әуежайы жүк ағынын арттырмақ

Стратегия аясында әуежай Deutsche Post DHL Group (DHL Group) компаниясымен келісім жасаған. Мақсат – әлемдік жүк тасымалы нарығына шығу.

"Осылайша, халық тұтынатын тауарлар ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік туады. Тұрғындар жүктерді, сәлемдемелерді сапалы және тез жібере алады. Қазақстан арқылы да транзит тасымалы артады", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар аталған келісімді іске асыр әуежайға жаңа авиакомпанияларды тартуға, жаңа авиамаршруттар ашуға, жаңа мемлекеттер және қалалармен байланыс орнатуға, жүк инфрақұрылымын дамытуға, жабдықтарды жаңартуға мүмкіндік береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу