Елорда әуежайында бірқатар рейс кейінге шегерілді

709

"Эйр Астана" компаниясының Алматыға ұшатын 4 рейсі мен "Аэрофлоттың" Мәскеуге қатынайтын бір рейсінің уақыты өзгерген.

Елорда әуежайында бірқатар рейс кейінге шегерілді

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында боранға байланысты әуе рейстері кейінге қалдырылды. Мұны әуежайдың баспасөз қызметінің PR-менеджері Жеңіс Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның сөзінше, қазіргі таңда 9 рейс өзге қалалардан келетін ұшақтардың кешігуіне байланысты кейінге шегеріліп отыр. Ал әуежайдан ұшып шығуға тиіс 5 рейс, атап айтқанда "Эйр Астана" компаниясының Алматыға ұшатын 4 рейсі мен "Аэрофлоттың" Мәскеуге қатынайтын бір рейсінің уақыты өзгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу