Елорда әуежайында мас ер адамды ұшақ бортына кіргізбеді

726

Нұр-Сұлтан әуежайында 45 жастағы шымкенттік балағаттап, өзін дұрыс ұстамаған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Елорда әуежайында мас ер адамды ұшақ бортына кіргізбеді

"Осы жылдың 29 маусымы Нұр-Сұлтан әуежайы Желілік полициясының бөлімінің кезекші бөлімшесіне "Эйр-Астана" АҚ әуе компаниясының өкілінен тіркеу тағынындағы құқық бұзушы туралы хабарлама келіп түскен", - деді Көліктегі полиция департаменті басшысының орынбасары Қалижан Қобландин.

Оқиға орнына патрульдік полиция жасағы келді. Тексеру барысында көлік полицейлері Шымкент қаласының 45 жастағы тұрғынын анықтады, ол өзін дұрыс ұстамаған, қоғамдық орында балағат сөз айтқан.

Ер адам Шымкентке ұшпақшы болған. Бірақ әуе тасымалдаушысының өкілдері жолаушыны "Нұр-Сұлтан-Шымкент" бағыты бойынша ұшатын әуе рейсінің бортына жібермеген.

Кезекші бөлімге жеткізілген кезде құқық бұзушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған және билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен.

Мединицалық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ол "орта дәрежеде" мас болған.

"Оған қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлімі (Әкімшілік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарқа масаң күйде келу) және ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлімі (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша әкімшілік хаттамалар құрған", - деп қорытты Қ. Қобландин.

Сондай-ақ ол құқық бұзушыға мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынғанын атап өтті. Одан бөлек, ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК-нің 343-бабы, 1-бөлімі бойынша) үшін үшінші әкімшілік хаттама жасалып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Шымкенттің Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу