Елорда әуежайының басқарма төрағасы қызметіне Юсуф Альжавдер тағайындалды

233

Бұл туралы  Азаматтық авиация комитеті мәлім етті. 

Елорда әуежайының басқарма төрағасы қызметіне Юсуф Альжавдер тағайындалды Фото: Азаматтық авиация комитеті

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы болып ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ерғазы Жолдасов бұрын атқарған қызметінен босатылды.Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Түрлі лауазымдарда, соның ішінде "Emirates", "British Airways" әуе компанияларында, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Айта кетейік, 2023 жылдың қараша айында Астана қаласының әуежайы "Terminals Holding" (БАӘ) компаниясының сенімгерлік басқаруына берілді.

2024 жылғы 1 мамырдан бастап Инвестор жеке инвестициялар есебінен 20 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге кірісуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу