Елорда әуежайының ұшу-қону жолағы күрделі жөндеуден өтеді

129

Әуе айлағына 20 жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. 

Елорда әуежайының ұшу-қону жолағы күрделі жөндеуден өтеді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"1 мамырдан бастап Астана қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағы күрделі жөндеу жұмыстарына жабылады. Тиісінше (ұшу) кестесі өзгереді. Күрделі жөндеу жұмыстары 20 жыл бойы жүргізілмеген. Қазір ол жеке инвестициялар есебінен жасалады", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

Талғат Ластаевтың сөзінше, жаз мезгілінде республика бойынша ұшу жиілігі артады.

"Жазда жаңа рейстер ашылады деп күтіліп отыр. Мәселен, мамырда Астана-Сеул, мамырда Прага-Астана бағыттарындағы рейстер ашылады. Жыл соңына дейін басқа да рейстер ашылып, бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу