Елорда аумағын ұшақпен аралау шарасы өтті

695

Елорда аумағын ұшақпен аралау шарасы өтті

Су тасқынына қатысты жағдайды зерделеу және табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті қалалық әкімдіктің, "Есіл бассейні инспекциясы" АММ-нің, "Казгидромет" АМК-ның және "Қазавиақұтқару" АҚ-ның өкілдерімен бірлесіп, Астана қаласымен шекаралас елдімекендердің аумағын ұшақпен аралап шықты. Бұл туралы ведомсвоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. 

Ұшақпен аралау жұмыстарының барысында Майбалық көлі, Вячеславское су қоймасы ауданындарындағы, Қарағанды және Ақмола облыстарының елдімекендеріндегі қар мен ылғалдылық қоры нақтыланды. 

"Ұшақпен аралау шаралары Вячеславское су қоймасы мен Астананың контр реттеуішіне келетін су мөлшерін алдын ала болжауға, сондай-ақ, жергілікті атқару органдарына, ТЖД мен "Қазселденқорғау" ММ-не тасқынға қарсы іс-шараларын өткізуге дайындалуға мүмкіндік береді", - делінген таратылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу