Елорда ауруханаларында төсек орын жетіспеуі мүмкін

936

Елордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының өсуіне байланысты стационарларда қосымша төсек-орындар ашылатын болады. 

Елорда ауруханаларында төсек орын жетіспеуі мүмкін

Бүгінгі таңда COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған реанимациялық және инфекциялық төсек-орындары толып жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 "Қалада тәулігіне 300-ге тарта вирус жұқтыру тіркеледі. Қазіргі уақытта стационарларда 451 адам емделіп жатыр. Төсек жүктемесі 63%-ды құрайды. Жалпы, Нұр-Сұлтан КВИ-мен ауыратын науқастарды емдеу үшін 5 мың төсек-орынға дейін әрі оған қаланың барлық медициналық ұйымдарын жұмылдыруға дайын. Бірақ азаматтар санитарлық нормаларды сақтамайтын болса жұмсалатын ресурстардың бәрі жетпейтін болады. Егер іс осылай жалғаса берсе, біз коронавиурс ауруының үшінші толқынына тап болуымыз мүмкін", - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқармада қазіргі уақытта №3 көпбейінді балалар ауруханасында төсектер орналастырылғанын және мерекеден кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты науқастар травматология ғылыми-зерттеу институтына орналастырылатынын атап өтті.

Елордалық дәрігерлердің айтуынша, науқастардың өсуі азаматтардың алдын алу шараларын сақтамауынан болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу