banner

Елорда халқының саны екі есе өсті

751

2009 жылы жүргізілген санақтан бері Нұр-Сұлтан тұрғындарының саны екі есеге артып, 1,23 млн адамды құрады (2021 жылғы қыркүйекте). Алдыңғы санақ қорытындысы бойынша қалада 619 мың адам тұрған.

Елорда халқының саны екі есе өсті

Республикалық маңызы бар басқа қалалардағы халық саны да айтарлықтай өсті. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша Алматыда халық саны 2,03 млн адамды құрады, мегаполис тұрғындары 630 мың адамға көбейген. Шымкент қаласының халқы 430 мың адамға өсіп, 1,1 млн тұрғынды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz статистика бюросына сілтеме жасап.

2021 жылғы санақ қорытындысы негізінде ағымдағы деректерді қайта есептеуден кейін 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қалалардағы халық саны келесідей: 
Нұр-Сұлтан – 1 328 535
Алматы – 2 135 365
Шымкент – 1 179 045

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу