Елорда іргесіндегі ормандарда қарақат теру науқаны басталды

891

Елорда іргесіндегі ормандарда қарақат теру науқаны басталды

Бүгінде қалаға кіре беріс жолдарда жеміс-жидек саудасы қыза түсті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

"Қазір ауа-райының құбылып, шауын-шашын болуына байланысты қарақат терушілер азайды. Бірақ күн сайын ең аз дегенде кемі он шақты адам келіп теріп кетеді", - деді "Астана орманы" ЖШС-нің бас агрономы Ардақ Хасенов.

Оның айтуынша, соңғы жылдары жаз кезіндегі жидек науқанында келушілер қатары артып келеді.

"Сенбі, жексенбі күндері қарақат теруге келетіндер көбейеді. Сондай-ақ маусым соңына дейін күн сайын біздің орманға келіп, қарақат теріп оны сатумен айналысатын адамдар бар. Демалыс күндері әдетте теріп-сатушылардың саны 50-60-қа жетеді. Сонымен бірге, астаналықтардан бөлек, қаланың маңындағы ауылдардан арнайы келіп теріп кететіндер бер", - дейді агроном.

Орманшылардың есептеуінше, бір гектардан орта есеппен 3 тонна қарақат жиналады. Жолдың жиегіндегі "жидек базарында" қарақаттың бір шелегінің (10 литр) бағасы 2 мың теңге. Ал қала ішіндегі бау-бақша өнімдерін сататын шағын базарларда 2-5 мың теңге аралығында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу