Елорда көшелерінде жаңа жаяу жүргіншілер өткелдері іске қосылды

858

Жолдарда әдеттегі көше жарығынан басқа, арнайы жарықтандыру қолданылады. 

Елорда көшелерінде жаңа жаяу жүргіншілер өткелдері іске қосылды

Нұр-Сұлтан қаласында қосымша жарықтандырумен реттелетін 14 жаяу жүргіншілер өткелі қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағдарламасы аясында маңызды міндеттердің бірі ретінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету қарастырылған. Осылайша жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның рұқсат беретін белгісінің жануы кезінде жаяу жүргіншілер жолына және жаяу жүргіншілерге арналған жолдың өзіне арнайы интеграцияланған жарықтандырумен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерін жобалау жүргізілді.

Қосымша жарықтандырумен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүйесі — қараңғы уақытта жаяу жүргіншілердің жолда көрінуін жақсартуға арналған. Осылайша қосымша жарықтандыру — көру деңгейін жақсартуға және жүргізушілердің назарын аударуға арналған.

Қосымша жарықтандырумен жаяу жүргіншілер өткелдері Кенесары, Достық, Мәскеу – Хмельницкая, Күйші Дина, Қонаев, Ақмешіт, Түркістан және Алматы көшелерінде, сондай-ақ Тәуелсіздік, Абай, Момышұлы және Мәңгілік Ел даңғылдарында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу