"Бауырын езіп жіберген": Елорда маңындағы ауылда бәйге кезінде 3 жасар бала жарақат алды

59

Ол ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне түсті.  

"Бауырын езіп жіберген": Елорда маңындағы ауылда бәйге кезінде 3 жасар бала жарақат алды Фото: Видеодан скриншот/ktk.kz

Баланың анасы Салтанат Ибраеваның айтуынша, оқиға кезінде ұлы үйдің маңында 8 жастағы әпкесімен ойнап жүрген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сол сәтте көшеде ұйымдастырылған бәйге кезінде аттардың бірі баланы қағып кеткен. Салдарынан бүлдіршіннің басы жарақаттанып, қолы сынған, сондай-ақ, ішкі ағзалары зақымданған. Анасының сөзінше, балаға бірнеше ота жасалған.

Әйел оқиғаға кінәлі адам заң алдында жауап беруін талап етіп отыр. Күдікті осы уақытқа дейін кешірім сұрамаған.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктіге елден шықпау туралы бұлтартпау шарасы қолданылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу