Елорда мен Алматыда шаршы метрі 320 мың теңгелік үйлер салынады

1075

"Отбасы банк" біржолғы зейнетақы төлеміне үй алшуыларға арнап жаңа құрал дайындап жатыр.

Елорда мен Алматыда шаршы метрі 320 мың теңгелік үйлер салынады

Зейнетақы реформасынан кейін елде баспананың қымбаттап кеткені ешкімге жасырын емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бағаны ауыздықтаудың тиімді тетіктерін іске қосуды тапсырған да болатын. "Отбасы банк" осы тапсырма аясында оfftake-келісішарттарды қолға алып отыр.

"Біржолғы зейнетақы төлемін алуға хақылы адамдар үшін "Отбасы банк" арнайы құрал дайныдап жатыр. Оfftake-келісішарт деп аталады. Қазір үш оfftake-келісішарт бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бұлар – Алматы қаласында екі құрылыс жобасы және Нұр-Сұлтан қаласында индустриялық үй салатын компания. Біз олармен ұзақ мерзімді оfftake-келісішарт жасаймыз. Осы айдың көлемінде бізден жаңалық күтіңіздер. 2022, 2023, 2024 жылдарға жоспарланған бекітілген құны бар үйлердің құрылысы туралы жариялаймыз. Мұнда әр шаршы метр 300-320 мың теңге болады", - деді "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу