Елорда мен Павлодар арасында жол апаты болды

194

Апаттан 5 адам зардап шегіп, 4-еуін жедел жәрдем бригадасы Екібастұздағы ауруханасына жеткізген. Арасында 16 жастағы қыз да бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елорда мен Павлодар арасында жол апаты болды Фото: Видеодан скрин

Өңірлік полиция департаментінен хабарлағандай "Астана-Павлодар" автожолында үш автокөлік соқтығысқан.

"Автобанның 118-шақырымында 3 автокөлік соқтығысқан. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізуде, оның салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Ал өңірлік жедел жәрдем стансасының мәліметінше, жол апатынан 4 адам зардап шеккен.

Олар – 2009 жылғы қыз бала және 1970, 1994, 1998 жылғы ер адамдар. Зардап шеккендердің барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу