Елордада "Театр" мен "Музыка" аялдамасы пайда болады

1199

Елордада "Театр" мен "Музыка" аялдамасы пайда болады

Аялдаманы салатын барлық материалдар Астананың климаттық жағдайына лайықталған, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Сарыарқа ауданы әкімдігі ерекше автобус аялдамаларының жаңа жобасын әзірлеп шықты. 2018 жылдың соңына дейін астана тұрғындары мен қонақтарын тағы да екі жаңа ерекше формадағы аялдамалар қуантпақ. Мәселен, "Театр" аялдамасы сахна фрагменттеріне ұқсас және "Жастар" театрының аумағына қойылады. Ал Жеңіс даңғылында "Музыка" павильоны орналастырылатын болады. Екі жоба да қазір дайындық кезеңінде.

"Мұндай креативті аяладамалар қоғамдық көлікті күтіп тұрған уақытыңызды әдемі өткізуге әрі көңіл-күйіңізді көтеріп, еріксіз жымиюыңызға әсерін тигізеді", -  дейді Сарыарқа ауданы әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Сарыарқа ауданында 3 ерекше аялдама орнатылған. Оның бірі – есте қаларлық шапкасы бар павильон. Ол Сарыарқа даңғылындағы "Зерде" аялдамасында орналасқан.

Ал екінші аялдама Самал мөлтекауданы, Республика даңғылында тұр. Ол латын әрпімен жазылған BUS түрінде салынған павильон.

Алдыңғы күндері тұрғындарды футбол добы көрінісінде салынған спорттық аялдама таң тамаша қалдырған болатын. Ол Қажымұқан Мұңайтпасов стадионына қатар орналасқан.

Айта кететін жайт, аялдамаға қолданылған барлық материалдар Астананың климатына лайықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу