Елордада 1 қаңтардан бастап қоқыс шығару тарифі 2 есеге артады

1322

Тарифті көтеруге жаңа стандарттар бойынша талап етілетін қалдықтарды шығару, қайта өңдеу және полигонда көму секілді шығындар себеп болып отыр. 

Елордада 1 қаңтардан бастап қоқыс шығару тарифі 2 есеге артады

Елордада 1 қаңтардан бастап қоқыс шығару тарифі 2 есеге артады. Мұндай ұсынысты мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Atameken Business.

Жаңа жылдан бастап баға абаттандырылмаған үйлердің тұрғындары үшін 390 теңгені, абаттандырылған үйлер үшін 466 теңгені құрайды.

Жыл соңына дейін қолданыста болатын бұрынғы тариф 8 жыл бұрын бекітілген. Оның мөлшері 246 теңге. Ал жаңа стандарттар бойынша қалдықтарды шығару, қайта өңдеу және полигонда көму керек. Осы секілді шығындар тарифті көтеруге себеп болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу