Елордада 1 маусымнан бастап қала маңына автобустар қатынай бастайды

823

Қоғамдық көлік сағат 06:00-22:00 аралығында жүреді. Автобустар әдеттегідей дезинфекцияланады. 

Елордада 1 маусымнан бастап қала маңына автобустар қатынай бастайды

1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласында  барлық  қала маңы бағытындағы қоғамдық көліктербағыттары қатынай бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Қала ішіндегі автобустар 12 мамырдан бастап жүрді. Қоғамдық көлік сағат 06:00-22:00 аралығында жүреді. Автобустар әдеттегідей дезинфекцияланады. Жүргізушілер қауіпсіздік шараларын сақтайды: бетперде тағады, қолғап киеді және антисептик пайдаланады.

Санитарлық нормаларды сақтау, яғни бетперде тағу жолаушылардан да сұралады. ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 10 мамырдағы Қаулысына сәйкес, жолаушыларға қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Қаулының орындалуын көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері бақылайды.

Олар қоғамдық көліктегі санитарлық нормалар туралы түсіндіру жүмыстарын жолаушылармен күнделікті жүргізеді. Жолаушы бетперде тағудан бас тартқан жағдайда, автобустан түсуі сұралады. Жүргізушілерге автобустағы жүктеме 50% аспауы керек деген талап сақталады.

Жол ақысын қолма-қол ақшасыз жүргізу қажет. Ол үшін көліктік карта, SMS, QR-код және мобильді қосымшалар, балама төлем түрлері қарастырылған. Естеріңізге саламыз, 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер енгізілді. 18 жасқа дейінгі балалар көліктік картамен елорданың қоғамдық көлігінде тегін жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу