Елордада 105 медициналық мекеме МӘМС аясында жұмыс істейтін болады

1343

Бүгінде олардың барлығы да медициналық-ақпараттандыру жүйесімен қамтылған.

Елордада 105 медициналық мекеме МӘМС аясында жұмыс істейтін болады

Бүгін Нұр-Сұлтанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова 105 елордалық медициналық мекеменің МӘМС аясында келісімшарт жасауға дайын екендігін атап өтті.

"Елордада 4 млн-ды құрайтын түрлі бағыттағы медициналық қызмет көрсету түрі бар. Қалада 200 мың оқушы бар. Оқушыларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында әрбір емханалық-амбулаториялық мекемеде мектепке арналған бөлім құрылады. Оның ішінде 5,5 мың жеке мектеп оқушылары, сонымен қатар республикалық білім беру мекемелерін де тартудамыз. Елордада 105 медициналық мекеме МӘМС аясында келісімшарт жасауға дайын. Бүгінде олардың барлығы да медициналық-ақпараттандыру жүйесімен қамтылған. Сол сияқты олардың 102-і Денсаулық сақтау министрлігіне кіріктірілген. Қалған 3 мекеме бойынша да кіріктіру жұмыстары жүріп жатыр, осы айдың 15-не аяқтау көзделуде. МӘМС аясында көрсетілген қызметке төлем ақысы жасауға келсек, қаладағы 28 медициналық мекеменің 14-де төлем терминалы орнатылған. Қалған 14 мекеме байқауға тиісті құжаттарын тапсырды", – деді басқарма басшысы.

Айта кетсек, бүгінде елордада 4 849 дәрігер және 8792 медицина қызметкері бар. Сол сияқты биылғы жылы 217 жас маман жұмысқа орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу