Елордада 108 кәсіпорын жұмыс күнін 2 сағатқа ұзарту құқығына ие болды

1094

"Атамекен" Кәсіпкерлер палатасы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаштың айтуынша, бұл кәсіпорындар Ashyq жобасының елордадағы көшбасшысы саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz . 

Елордада 108 кәсіпорын жұмыс күнін 2 сағатқа ұзарту құқығына ие болды

"Қазіргі уақытта Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлердің саны 10566 -ға жетті. Кеше ғана 8887 кәсіпкер болса, бір тәуліктің ішінде ғана 2 мыңға жуық кәсіпкер тіркелді. Олардың ішінде 4 мыңға жуығы ерікті түрдегі кәсіпкерлер. Олар біздің бас дәрігеріміздің қаулысында көрсетілген басымдықтарды ала алмайды", деді ол Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз орталығында өткен жиында.

Қуанышбек Мұқаштың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында Ashyq жобасының көшбасшыларының тізімі жарияланған. Тізім 108 кәсіпорыннан тұрады. Олар қаулының рұқсаты бойынша жұмыс күнін 2 сағатқа ұзартуға мүмкіндік алды.

Аян Бекенұлы 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу