Елордада 117 сауда ойын-сауық нысаны тексеріледі

992

Елордада 117 сауда ойын-сауық нысаны тексеріледі

Астана қаласы прокуратурасының тапсырмасына сәйкес 2 сәуір мен 1 маусым аралығында 117 сауда нысаны мен ойын-сауық орталықтарында тексеріс жұмыстары жүргізілетін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті аудан әкімдіктерінің қызметкерлерімен бірлесіп, ірі СОСО-да ("Хан шатыр", "Керуен", "Азия парк", "Думан") комиссиялық тексеріс жұмыстарын жүргізеді. Олардың аясында нысандардың өрт қауіпсіздігі тексеріледі. Тексеріс жұмыстары аяқталған соң, сауда нысандарының жетекшілеріне келушілерді қауіпсіздікпен қамту жөніндегі жадынамалар мен нұсқаулықтарды табыстайтын болады. 

Өрт-тактикалық жаттығулар 31 наурызда "Евразия" СОСО-да өтті. Жаттығу барысында сауда үйінің қызметкерлері мен департамент қызметкерлері келушілерді қауіпсіз жерге көшіру және шартты төтенше жағдайды жою әрекеттерін пысықтады. 

Сондай-ақ, "Біз қауіпсіз қала үшін" акциясы аясында инспекторлар, құтқарушылар мен Қызыл жарты ай қоғамының өкілдері "Mega Silk Way" және "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталықтарына келушілердің есіне балаларын жарақаттан қалай қорғау керектігін салды. 

Шара ұйымдастырушылары орталыққа келушілермен бірлесіп, интерактивті ойындар мен жарыстар арқылы түрлі жағдайлардан шығудың жолдарын пысықтады. Интерактивтер арқылы келушілер қажет жағдайда жасалатын іс-әрекеттерді орындауға, өрт кезінде өрт сөндіргішті дұрыс қолдануға, алғашқы медициналық көмекті көрсетуге үйренді. Ал жергілікті полиция қызметінің инспекторлары жолда жүру ережелерін еске салып, реттеушінің қимылдарын түсіндірді. Акция соңында қатысушылардың барлығына сертификаттар, ең белсенділеріне естелік сыйлықтар табысталды. 

Айта кетейік, 7 сәуірде сағат 11:00-де "Хан Шатыр", "Мега Силквэй", "Аружан", "Керуен", "Керуен Сити", "Астана Молл" сауда ойын-сауық орталықтарында "Квест" түріндегі жағдайлы ойын өтетін болады. Ойын барысында қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек пысықталады деп жоспарлануда. Оған мектеп оқушылары мен ерекше күтімдегі балалар, олардың ата-аналары қатыспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу