Елордада 135 жеке кәсіпкердің құқығы қорғалды

346

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді. 

Елордада 135 жеке кәсіпкердің құқығы қорғалды Фото: pixabay.com

Елордалық прокурорлар 135 жеке кәсіпкердің құқығын қорғады.

"Сарыарқа" ауданының прокуратурасы мемлекеттік кірістер органдарының салық бұйрықтарын шығаруының заңдылығына талдау жүргізді.

Салық кодексінің 128-бабының 1-тармағына сәйкес салық бұйрықтары жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан салық берешегін өндіріп алу кезінде шығарылуы мүмкін.

Алайда 2020 жылдан бастап салық органы 135 жеке кәсіпкерлерге қатысты аталған атқарушылық құжаттарды заңсыз шығарған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде салық бұйрықтарының күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу