Елордада 4 кәсіпкер кірпіш бағасын өзара келісіп белгілеген

1629

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті кірпішті өткізу нарығын талдап, тиісті қорытынды шығарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Елордада 4 кәсіпкер кірпіш бағасын өзара келісіп белгілеген

Тексерушілер бәсекелестікті қорғау саласындағы заңның бұзылғанын анықтапты. Атап айтқанда нарықтың 4 субъектісі тауарды өткізуде бағаны келісіп белгілеген. Аталған субъектілерге монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы хабарлама жіберілді.

"Хабарлама нарық субъектілерінің қарау сатысында. Негізделген және бәсекелестік бағаны белгілеу жолымен 30 күн ішінде орындалуы керек. Кодекстің 170-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, тауарларды өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге бағытталған, оның ішінде тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа да мәліметтерін белгілеуге және ұстап тұруға қатысты келісілген әрекеттеріне тыйым салынады", – деп ескертеді департаменттен.

Сондай-ақ, бағаның негізсіз өсуіне жол бермес үшін департамент 11 құрылыс материалына: цемент, бетон, арматуралық болат, шыны, қабырға блогы, кабель, мырышталған профлист, қада, плита, полиэтиленді құбырға талдау жүргізіп жатыр. Нарық субъектілерінің әрекетінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу