Елордада 4 спорт кешені салынады

516

Олар Нұр-Сұлтан қаласының әртүрлі ауданында орналасады.  

Елордада 4 спорт кешені салынады

Елорданың тұрғын үй алаптарында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жақын арада осындай тағы екі кешен салынады. Қала әкімі Алтай Көлгінов құрылыс жұмысы барысымен танысты. Салынатын дене шынықтыру – сауықтыру кешендерінде спортпен шұғылданатын бөлмелерден бөлек пошта бөлімшесі, полиция пункті, егде жастағы адамдардың қызығушылығы бойынша бөлме, Халыққа қызмет көрсету орталығы, кітапхана және тағы басқалары болады. Әкімдіктің Instagram парақшасында ғимараттың қолданысқа беру уақыты 2021 жыл деп көрсетілген.

Сондай-ақ, елордадағы тұрғын үй алаптарында жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Биыл 100 шақырымға созылатын 150 көшенің жолын жөндейді, оның ішінде 100 көше тұрғын үй алаптарында орналасқан. Осы бағыт бойынша ғана "Жұмыспен қамту жол картасы" бойынша 1,5 мың жұмыс орны болады, ал жалпы алғанда аталған бағдарлама бойынша 15 мың жұмыс орны бар. Алдымен жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтитын болады. Сонымен қатар тұрғын үй алаптарына газ тарту желілерінің құрылысы басталды. Магистральдық газ құбырын монтаждау жұмыстары аяқталып қалды. Мысалы, Железнодорожный тұрғын үйіне газ тарту желілерінің үштен бірі тартылып қойды. Осындай жұмыстар Көктал-1, Көктал-2 және Агроқалашық тұрғын үй алаптарында жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыс кестеге сай атқарылуда.

Өндіріс секторы мен тұрғын үй алаптарына газ тарту жұмыстары үш кезеңнен тұрады: келесі жылыту маусымында Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Промышленный, Железнодорожный тұрғын үй алабтарына газ тарту жоспарланған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу