Елордада 5 тұрғын үй кешенінде электр қуаты қалпына келтірілді

384

"Астана-РЭК" АҚ-ның жедел қызмет бригадалары РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада 5 тұрғын үй кешенінде электр қуаты қалпына келтірілді Фото: canva

Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

– 15:15-де бес трансформаторлық қосалқы станцияға электр қуаты берілді, нәтижесінде бес тұрғын үй кешенінің жарығы қалпына келтірілді.

– 16:50-де қосалқы станциялардың біріне дизель генераторлық қондырғы (ДГҚ) қосылды.

– Тағы төрт трансформаторлық қосалқы станцияға ДГҚ қосу жұмысы жалғасып жатыр. Қалған көпқабатты үйлерге де жарық беру бойынша қалпына келтіру шаралары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу