Елордада ауа райына байланысты рейстер кешіктірілуде

514

Тағы 14  рейс кешігіп жатыр. 

Елордада ауа райына байланысты рейстер кешіктірілуде

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, деп жазады inbusiness.kz.

"Алматыдан ұшатын КС 624, Шымкенттен ұшатын DV 715, Атыраудан DV 766, Шымкенттен DV 701, Алматыдан КС 647 және КС 7053, Талдықорғаннан IQ 430 және Түркістаннан КС 7362 рейстері тоқтатылды", делінген әуежай баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Алматыдан 3 рейс, Шымкенттен 2, Стамбул, Ақтөбе, Өскемен, Дубай, Тараз, Қызылорда мен Қостанайдан әуе рейстері кешігуде.

Рейстердің кешігуіне ауа райының қолайсыздығы мен соған байланысты әуе кемелерінің кестеден кешігіп ұшуы себеп болды.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында, соның ішінде ұшып-қону жолағында қар тазалау жұмысы үздіксіз жүріп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу