banner

Елордада әйел құдыққа құлап кетті

1059

Нұр-Сұлтанда әйел адам құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.  

 Елордада әйел құдыққа құлап кетті

 Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 13 қаңтар күні астаналық ТЖД Қабанбай батыр көшесі бойында әйелдің құдыққа түсіп кеткендігі хабарлама келіп түскен. Жайсыз хабар жетісімен құтқарушылар оқиға орнына шыққан. Жеке құрамнан 9 адам және 2 техника оқиға болған жерге келіп, жедел түрде құтқару операциясына кірісті.

"Құтқару сатысының және құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің бірлескен әрекетінің арқасында әйел адам құдықтан аман-есен шығарылып, ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Бұдан соң ол 1 көп салалы қалалық ауруханаға жеткізіліп, қазіргі кезде денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, үйіне жіберілді",-делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу