Елордада Ақбұлақ бұлағын оңалту жобасы іске қосылды

571

Бұл жобаның мақсаты – су қоймасының экожүйесін қалпына келтіру және биологиялық мелиорация әдісімен антропогендік жүктемені азайту.

Елордада Ақбұлақ бұлағын оңалту жобасы іске қосылды

Осы жылдың 5 қыркүйегінде елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бастамасымен "Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақбұлақ бұлағын биологиялық ремедиациялау (оңалту)" пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жобаны іске қосуға Экология департаментінің, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясының, "Қазсушар" РМК, елорданың бейінді басқармасының, "Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" ЖШС өкілдері, эко-белсенділер қатысты.

Қамтылған пилоттық учаскенің ауданы Ақбұлақ бұлағы су айдынының жоғарғы бөлігінде 50 га құрайды.

Бұл әдіс қопсытқышта өсірілген бір клеткалы жасыл балдырлардың "хлорелла" штамдарын қолдануды қамтиды.

Суспензия-балдырлар жүзетін қоректік орта. Судың бай жасыл түсі мен физикалық қасиеттері бар. Өсіру үшін планктонды штамдар қолданылады.

Тазарту және оңалту кезінде хлорелла концентрацияланған суспензиясын пайдалану нәтижесінде су айдынының экологиялық жай-күйі келесідей көрсеткіштер бойынша жақсарады деп күтілуде:
- су айдынының физикалық-химиялық көрсеткіштерін жақсарту;
- суда ерітілген оттегі концентрациясының жоғарылауы;
- су айдынының гидробиологиялық көрсеткіштерін жақсарту, зоопланктон мен зообентос санының және биомассасының өсуі;
- ихтиофауна санының артуы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу