Елордада әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына мониторинг жүргізілді

1127

Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы белгіленген бағалар қаладағы ірі  базарлардың орташа көтерме бағасына сәйкес келеді деп отыр.

Елордада әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына мониторинг жүргізілді

Қысқы маусымда қаладағы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру және баға өсімін алдын-алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы тарапынан үнемі бақылау жүргізіліп отырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

"Бас қаланың сауда нүктелерінде жүргізілген мониторинг негізінде "Астықжан" және "КеңМарт" сауда орталықтарында картоп пен сәбіздің бөлшек саудадағы бағасы – 78 теңгеден, пияз – 73 теңгеден, қырыққабат – 93 теңгеден белгіленді",– делінген хабарламада.

Басқарма белгіленген бағалар қаладағы "Шарын", "Алаш" секілді ірі  базарлардың  орташа көтерме бағасына сәйкес келеді деп отыр.

Сондай-ақ, аталған бағыттағы жұмыстардың жалғаса беретінін, басқарма бақылауына алынғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу