Елордада "Astana Bike" велопрокат маусымы басталды

177

Бұл туралы CTS хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Елордада "Astana Bike" велопрокат маусымы басталды Фото: Астана әкімдігі

Велосипедтер мен билеттерді сатып алу 15 сәуірде таңғы 9:00-ден бастап қолжетімді. Қала бойынша барлығы 136 станцияда 700-ге жуық велосипед бар. Станциялардың орналасқан жерін Velobike.kz сайтынан көруге болады. Қосылуына қарай белсенді велостанциялар көк түспен боялады.

Биыл велостанциялар мен велосипедтердің сыртқы дизайны жаңартылуда. Ол елордамыздың қоғамдық көлігінің дизайнымен үйлеседі.

Велосипедтерді пайдалану үшін www.velobike.kz сайтына тіркелу қажет. Сондай-ақ, сайтта велостанцияларды қарауға, абонементтерді сатып алуға және велопрокат бойынша қажетті ақпаратты білуге болады.

Айта кетейік, веложалдау пайдаланушыларының жеңілдетілген санаты үшін маусымдық және тоқсандық абонементтерге 50% жеңілдік қарастырылған. Ол үшін velobike.kz сайтындағы жеке кабинетте жеңілдікті растайтын зейнетақы куәлігін немесе оқу орнынан анықтаманы (студенттер үшін) тіркеу керек.

Велосипедті жалға беру жүйесі 24/7 қол жетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу