ASTANA TRIATHLON half турниріне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі

151

Жарыс Орталық саябақтан басталып, Ильинка аумағында аяқталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ASTANA TRIATHLON half турниріне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі Фото: canva

Бүгін елорданың Орталық саябағында ауқымды спорттық шара – ASTANA TRIATHLON half турнирі өтеді.

Осыған байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Жарыс Орталық саябақтан басталып, Ильинка аумағында аяқталады. Қатысушылар келесі үш кезеңнен өтеді:

  • жүзу – 1,9 км;
  • веложарыс – 90 км;
  • жүгіру – 21,1 км.

Іс-шараның өтуіне байланысты, әсіресе веложарыс бағыты өтетін көшелерде қала көшелерінің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Қатысушылар:

  • Тұран даңғылына шығып, көпір астымен солға бұрылады;
  • Тұран даңғылымен Қорғалжын тасжолына дейін (оң жақ жолақпен) жүреді;
  • Қорғалжын тасжолынан оңға бұрылып, айналма жолға дейін жүреді (оң жақ жолақ);
  • Айналма жолға солға бұрылып, қарсы бағыттағы жолақпен жүреді;
  • Кейін 3 шеңбер бойынша Қорғалжын тасжолынан Қосшы (Қарқаралы) бағытына дейін – сол жақ жолмен жүреді;
  • Шеңберлерді аяқтаған соң, қайтадан Қорғалжын тасжолына түсіп, Ильинка жақтан веложолға кіреді.

Мәре сызығы – веложол бойындағы велопрокат тұрағы. Жүгіру кезеңі веложол аумағында өтеді.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу