Елордада аяқталмай қалған тағы бір ғимараттың құрылысы қайта жанданды

916

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елордалық полиция департаментінің бөлімшесіне арналған ғимарат құрылысы қайта басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елордада аяқталмай қалған тағы бір ғимараттың құрылысы қайта жанданды

"Тәртіп сақшыларына қолайлы еңбек жағдайын жасау және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция департаментінің (Сарыарқа ауданы) бөлімшесіне арнап жаңа ғимараттың құрылысын жүргізіп жатырмыз. Құрылыстың өзі 5 жыл бұрын басталған, бірақ сот процестеріне байланысты проблемалы нысан ретінде танылды.

Маңызды нысанның құрылысын қайта бастау үшін бірқатар проблеманы шештік, оның ішінде құрылыс конструкцияларына техникалық тексеру жүргіздік: апатты тұстарын демонтаждадық, плиталарын күшейттік және т.б. Нысанды бірнеше айдан кейін пайдалануға беру жоспарланып отыр, жаңа ғимаратта 500 полиция қызметкері жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар төрт елді мекенде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Онда қала тұрғындарының өтініші бойынша учаскелік полиция пунктері қарастырылған. Мәселен, Көктал елді мекенінде қазірдің өзінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ елорданың түрлі аудандарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, сол сияқты азаматтарымызға ыңғайлы болу үшін полицияның модульдік бекеттерін ашамыз, олардың санын бірінші кезеңде 10-ға дейін жеткіземіз. Сонымен қатар 7 учаскелік полиция пункті жаңғыртылды. Бұл шараның бәрі бізге қаланы "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытуға мүмкіндік береді, оның барысында әлеуметтік нысандар (мектептер, қолжетімді тұрғын үй, медициналық орталықтар, полицияның тірек пунктері және т.б.) қадамдық күйде қолжетімді болады", – деп жазды елорда әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу