Елордада бас шыршаның шамдары жағылды

1463

Нұр-Сұлтанда барлығы 50-ден астам жаңажылдық шырша, 30 сырғанақ төбешік, 20 мұзайдын мен 6 хоккей корты орнатылды.  

Елордада бас шыршаның шамдары жағылды

Елордада еліміздің бас шыршасының шамдары жағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жылдағы дәстүр бойынша елорда төріндегі бас шыршаның шамдарын жағу шарасына жиналып жатырмыз. Биылғы жыл еліміз үшін оның ішінде елорда үшін де табысты болды. Көптеген жобалар жүзеге асырылып, мол жетістікке жеттік, және елордада жаңа нысандар бой көтерді. Оның ішінде ел игілігі үшін тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар бар. Елбасының бастамасымен биыл "Жастар жылы" болды. Жуырда ғана 1050 жас елордалық баспаналы болды. Жақында аз қамтылған және көпбалалы 600 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бас қаламыз үшін биылғы жылдың ерекшелігі Нұр-Сұлтан атауының берілуі", – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Бас шыршаның биіктігі – 25 метр. Сонымен қатар, елорда аудандарындағы жаңажылдық шыршалардың шамдары да жағылды.

Бүгіннен бастап бас қаладағы мұз қалашықтары мен мұзайдындары өз жұмысын бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу