Тұрғын үй нарығындағы белсенділік астанаға шоғырланды, деп жазады inbusiness.kz сайты DataHub сарапшыларына сілтеме жасап.
Тамыз айында елордада 9 457 сатып алу-сату мәмілесі тіркелді. Бұл – Қазақстан бойынша барлық келісімдердің 23%-ы.
Астанадағы мәмілелердің айлық өсімі 10%-ды, жылдық өсімі 15%-ды құрады.
Қазақстан бойынша жалпы мәміле саны 41,4 мың болды. Бірақ бұл жерде өсім әлдеқайда төмен – шілдемен салыстырғанда +4%, бір жыл ішінде бар болғаны +1%.
Астанадағы сауданың негізгі бөлігі көпқабатты үйлерге тиесілі. Әсіресе, бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлерге сұраныс жоғары. Тамызда жасалған әр 10 мәміленің 8-і осындай пәтерлерге қатысты. Ел бойынша бұл үлес төменірек – 10 мәміленің 6-сы ғана бір және екі бөлмелі пәтерге тиесілі.