Елордада "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында" шахматтан турнир өтті

259

Сайыс барысында әр адамға 10 минут және әр жүріске 3 секунд беріліп, 7 тур бойынша 68 қатысушының арасында жеңімпаздар анықталды. 

Елордада "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында" шахматтан турнир өтті Фото: Астана қаласының әкімдігі

"Сайыс барысында 14 жастан бастап, ардагерлер еркін түрде қатысып, жеңімпазды анықтайды. Осындай орталарда жасөспірімдер тәжірибелі кісілердің ақыл-кеңесін алып, өз өмірлерін дұрыс бағытта қалыптастыруға тырысады. Ақыл-ойдың жарысы саналатын шахмат жас ұрпақты жетілдіріп, отбасылық, мемлекеттік құндылықтарға әсер ететініне сенемін", - деді жарыс ұйымдастырушысы Давид Шарипов.

"Шахмат ойынын тек зейнетке шыққаннан кейін ғана үйрендім. Себебі, денсаулығыма байланысты көп уақытымды ауруханада өткізуге тура келді. Сол жерде шахматты үйренуге ден қойдым. Қазір жемісін жеп жатырмын десем болады. Біріншіден, керемет жүрістер, жеңістер арқылы керемет эмоция аласың. Екіншіден, есте сақтау қабілетім жақсарғандай көрінді. Себебі, жеңіске жету үшін тек қана кездейсоқ ойнау жеткіліксіз. Тұрақты түрде дайындалып отыру қажет. Адам табиғатының ерекшелігі – тек жеңіле бергісі келмейді. Үшіншіден, өзіммен қатар зейнеткерлер ортасымен жақсы тіл табысуға әсер етті. Міне осы артықшылықтарды ескере келе, немелерімді де шахмат үйірмесіне беруді жөн көрдім. Елордадағы шахмат жарыстарын жібермеймін. Орын алмасам да, шахмат атмосферасы ерекше", - дейді Жеңісбек Омаров атты қария.

Айта кетейік, шахмат сайысының жалпы жүлде қоры 100 мың теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу