Елордада бір көше бірнеше айға жабылады

569

Аталған учаскеде жөндеу жұмыстары басталады. 

Елордада бір көше бірнеше айға жабылады

Әлихан Бөкейхан көшесі бойындағы 23-көшеден (Helios ЖҚС) Бұқар жырау көшесіне дейінгі учаскедегі қозғалыс осы жылдың 29 сәуірі мен 1 тамызы аралығында автокөлік қозғалысы үшін толығымен жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоба аясында инженерлік желілер абаттандырылып, жол төсемі асфальтталады, сол сияқты іргелес аумағы абаттандырылады.

"Жақын маңдағы учаскелердің тұрғындары тұрғылықты жеріне жетуі үшін балама маршруттар қарастырылған.Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", — делінген ведомствоның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу