Елордада бірқатар автобустың қозғалыс кестесі өзгереді

759

Күмісбеков көшесінің С.Сейфуллиннен Абай көшесіне дейінгі аралығында жол жөнделетіндіктен осы учаскедегі автобус қозғалысы уақытша шектеледі. 

Елордада бірқатар автобустың қозғалыс кестесі өзгереді

Астанада бірқатар бағдардың қозғалыс кестесі үш ай мерзімге өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана LRT компаниясына сілтеме жасап.

15 сәуірден 1 шілдеге дейін № 2, 32 және 73 бағдарларының қозғалыс кестесі өзгереді. Күмісбеков көшесінің С.Сейфуллиннен Абай көшесіне дейінгі аралығында жол жөнделетіндіктен осы учаскедегі автобус қозғалысы уақытша шектеледі.

№ 2 бағдар "Бал бала" балабақшасы бастапқы аялдамасынан Күмісбеков көшесі – Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Жеңіс даңғылымен солға, одан әрі Н.Тілендиев даңғылымен оңға, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес қатынайды. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен жүреді.

№ 32 бағдар "Бал бала" балабақшасы бастапқы аялдамасынан Күмісбеков көшесі – Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Сарыарқа даңғылынан оңға, одан әрі Кенесары көшесіне солға, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес қатынайды. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен жүреді.

№ 73 бағдар "Бал-бала" бастапқы аялдамасынан Күмісбеков көшесі мен Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Сейфуллин көшесінен тура, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес қатынайды. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қатынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу