Елордада бірнеше алаяқтыққа қатысы бар екі студент ұсталды

436

ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Елордада бірнеше алаяқтыққа қатысы бар екі студент ұсталды Фото: azattyq-ruhy.kz

Астанада бірнеше алаяқтыққа қатысы бар 2 студент ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

19 жастағы екі жігіт тауар несиелері бойынша "бизнес" ұйымдастырған. Олардың алдауына 19 азамат түскен. Арасында студенттердің достары, курстастары мен таныстары бар.

"Қылмыстық алдау схемасын ойлап тапқан күдіктілер таныстарына банктен тауар несиесін ресімдеуді ұсынған. Негізінен соңғы модельдегі ұялы телефондарды сатып алған. Екі студент банктегі таныстары арқылы несиелерінің күшін жоятынына оларды сендіреді. Қызмет үшін азаматтарға 100-200 мың теңгеге дейін ақша төлеген. Жаңа гаджеттер қолға түскен соң оларды қаладағы сауда үйлерінде сатумен айналысқан", - деп жазылған хабарламада.

Ақпаратта көрсетілгендей, Есіл аудандық тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілерді қолға түсірді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Келтірілген залал сомасы және зардап шеккендердің саны анықталып жатыр. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу